9.04 күні 3 сыныптар арасында Болашақтың кілті-білімде атты интелектуалдық ойын өтті.
Мақсаты:
9.04 күні 3 сыныптар арасында Болашақтың кілті-білімде атты интелектуалдық ойын өтті.
Мақсаты:
Интелектуалды ойын 4 бөлімнен тұрады.
Ойынға қатысушылар:
«Тұлпар» тобы
«Қыран» тобы
Бәйге. Бұл кезеңде топтардың әрқайсысына 10 сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушы тез және нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген топ 1 ұпай алады. Барлық сұрақтар саны – 10, жалпы – 10 ұпай.
Әр кезең сайын топтың жинаған ұпай сандары есептеледі.
Тіл өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Осы кезеңде жұмбақтың жауабын үш тілде айту керек. Толық жауапқа 15 ұпай, екеуі 10 ұпай, біреуіне 5 ұпай.
Көкпар Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз топ бастайды. Бұл кезеңде топқа таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 топ қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі топ одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша топ 5 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады
Жеті жұмбақ Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылады. Сайыскерлерге үш тақырып беріледі. Олар: Менің Отаным Қазақстан, Ұлы адамдар, Ертегілер, қызықты сұрақтар
Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген топтың таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады.
Сайыс қызықты, тартысты өтті. Балалар білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде «Қыран тобы » Оқ бойы озық шығып ,білімдерін дәлелдеді.